Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау қаласында Жайық өзені жағалауын қапшықтардан тазалау жұмыстары басталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен Жайық өзені жағалауын санитарлық тазалау мәселесі туралы жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Кеңесте Жайық өзенінің бетон жағалауы бойындағы қапшықтарды жинау мәселесі қаралды. Жасұлан Бисембиев жағалаудағы аумақтарда су басу қаупі сейілгенін, жағаны қорғаныс құрылыстарынан тазарту міндеті тұрғанын атап өтті.

- Өзен жағасындағы бетон бөгеттің бойына құм салынған қапшықтар қойылған жерлерді тазартуымыз керек. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жағалау 16 учаскеге бөлініп, әр учаскеге жауапты тұлға және ведомстволық бағынысты ұйымдар бекітілді. Бұл тәжірибе тиімділігін көрсетті. Жалпы осы бағытта қала әкімдігі тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, уақытты тиімді пайдаланып, жұмысты сапалы жүргізуге бірлесе атсалысуымыз керек. Негізгі міндет – жағалаудағы қаптарды алып, аумақты тазалау. Жұмыс бір апта ішінде аяқталуы тиіс, - деп қорытындылады Ж.Бисембиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT