Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аналар мәселесі назардан тыс қалмасын

Елімізде де, ауданымызда да ең көп талқыланып жатқан – көп балалы аналар мәселесі.

Аудан әкімдігінің «Телеграм» чатында да ауылдық округтердегі аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек жиі көтеріліп жатады. Біреуінің алатын ақшасы қысқарса, енді біріне алған көмекті кейін қайтартқызып жатыр. Әрине, барлығы да заң аясында дұрыс шығар. Алайда, бұл мәселе бойынша округ әкімдері белсенді түрде жұмыс жасауы тиіс. Күн сайын өз ауылындағы аналардың мәселесімен айналысып, соларды қабылдап, мүмкіндігінше мәселесін шешуге атсалысу қажет.

Сондай-ақ, ауылда теледидар, тоңазытқыш сынды тұрмыстық техникаларды жөндейтін маман тапшы. Менің ұсынысым – осы сияқты қажетті мамандықтарды оқытып, арнайы орталық ашқан дұрыс. Қазір жасыратын ештеңе жоқ сағат жетіде деп шақырылған той онда басталмайды. Сосын сауатсыз асабалар мән-мағынасыз ойындарды көбейтті.

Қорыта айтқанда, ел болып, жұрт болып тойды тәртіпке келтіруіміз керек деп есептеймін.

Жәния ІЗБАСҚАН,

ауданның Құрметті азаматы,

мәдениет саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT