Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

15 тонна қоқыс шығарылды

Қазіргі таңда аудан бойынша ең өзекті мәселелердің бірі тазалық болып отыр. Оған күнделікті әлеуметтік желілер мен телеграм чатында жарияланып жатқан фотосуреттер дәлел.

Осы орайда, Миялыдан Мақат ауданына қарай шыға беріс жақтың тазалығы тіпті көңіл көншітпейді. Оған өткен аптаның сенбісі күні болған сенбілікте куә болдық. Миялы ауылдық округі әкімдігі ұйымдастырған сенбілікке аудан орталығындағы 60-қа жуық мекемеден 320 ерікті қатысты.

Округ әкімінің орынбасары Мақсат Төкенов: – Бұл сенбіліктің басты мақсаты – күл-қоқыс алаңынан ауылға қарай ұшқан тұрмыстық қалдықтарды тазалау. Себебі, округке қарасты арнайы қоқыс төгетін алаңның сыртқы қоршаулары сынып, соның салдарынан босаған ыдыстар мен пакеттер ауылдың ішіне дейін кіріп кетті. Бұдан бөлек, кейбір тұрғындар үйлерінен шыққан қоқыстарын күл-қоқыс алаңына жеткізбей, жолға лақтырып кетеді. Бұл да біз үшін өзекті мәселе болып отыр. Сенбілікте еріктілер ауылдың кіре берісінен бастап күл-қоқыс алаңына дейінгі аумақты тазалап, барлығы 15 тонна қоқыс шығарды. Осы орайда, барша ауыл халқын өзгенің еңбегін бағалап, тазалықты сақтауға шақырамын, - дейді.

Расымен де, қанша жерден «Тазалық – денсаулық кепілі» деп ұрандасақ та бұл мәселе әлі де болса күн тәртібінен түспей тұр. Ал, тазалықты сақтау үшін айналаны ластаушы жандардың санасын ояту керек. Әйтпесе, тазалықты сақтау қиынға соғып барады.

Ендеше, тазалықты өзімізден бастау керектігін түсіне білгенге не жетсін?!

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521