Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана ұжымы ұлттық мерекені ұлықтады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Алдымен кітапханада қалалық жұмыспен қамту және мүгедектігі бар адамдарға арналған «Тең қоғам» әлеуметтік жобасының мүшелері мен облыстық «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» қызметкерлерінің қатысуымен «Менің Республикам-менің жерұйығым» атты көрме диалогы өтті.
Іс-шарада викториналық сауалдар қойылып, республика күніне арналған бейнефильм көрсетілді сондай-ақ, кітап көрмесі таныстырылды.
Кейін №38 мектеп-лицейінде «Гүлдене бер,Республикам менің» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Топқа бөлінген оқушылар 6 бөлім бойынша түрлі тапсырмаларды орындап, жеңімпаздар анықталған.