Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚАДЫР ӨЛЕҢДЕРІН НАСИХАТТАДЫ

Таяуда аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен аудандық V  республикалық «Қадыр оқулары» байқауы болып өтті.

Ондағы мақсат – мектеп оқушылары арасында Қадыр шығармаларын насихаттап, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Байқау «Сөзім барда – өзім бар» (Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу), «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» (Ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау), «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» (Жазба ақындар мүшайрасы) бөлімдері бойынша 20 оқушы сынға түсті. 
Нәтижесінде, облыстық кезеңге «Сөзім барда – өзім бар» номинациясы бойынша Рабиға Жақсылықова (Қаракөл орта мектебі), «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» бөлімі бойынша Ильяс Ерболұлы (Ш.Еркінова атындағы орта мектеп), «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» бөлімі бойынша Асылай Қалидолла (Жаңашаруа орта мектебі) жолдама алды. Ендеше, үздік шыққан оқушыларға облыстық кезеңнен жеңіспен оралуға тілектеспіз. 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз