Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Емделушілер алғыс хатпен марапатталды

Өткен аптада денсаулық күніне орай, орталық аурухана ұжымы «Денсаулық баршаға!» ұранымен таңғы жаттығу жасап, бой сергітті. Содан соң, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жиын ұйымдастырды.

Онда алдымен сөз сөйлеген орталық аурухананың директоры Самат Тайшыбай сөз сөйлеп, емделуші Наурызбай Макимов пен Батырғали Рысқалиевке алғыс хат табыс етті. Кейін салауатты өмір салтын қалып-тастыру орталығының дәрігері Балбибі Исжанова пікір білдірді.

Жалпы, ауданда бүгінгі күнге бағдарламаға қатысатын науқастардың жалпы саны 520-дан асады. Артериалды гипертензияға шалдыққандар саны 390 адам, қант диабетімен 70 адам, созылмалы жүрек жетіспеушілікпен 60 адам енгізілді. Науқаспен ауруларды басқару бағдарламасына қатысу туралы келісімшарт бекітіледі. Науқастарға тегін дәрі беріліп, тұрақты емін қабылдауы тиіс. Үш айда бір рет толық дәрігерлік тексерістен өтеді. Аталмыш бағдарлама бойынша ауданда он жеті дәрігер, он бес орта медицина қызметкерлері оқытылған. Денсаулық сақтаудың маңыздылығын ұғындырған жиында емделушілер де ақ халаттылардың қызметтеріне ризашылықтарын білдіріп, тілегін қосты.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT