Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келеді

«Жәрдем» медициналық пойызы 2023 жылдың 26 сәуір күні Алматы-2 вокзалынан жолға шықты. Атырау облысында ағымдағы жылдың 2-15 қыркүйек күндері аралығында қызмет көрсететін болады.

Жоба шеңберінде еліміздің шалғайдағы станцияларда тұратын тұрғындары негізгі медициналық мамандықтардың білікті мамандарынан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері, хирург, уролог, маммолог, педиатр) тегін тексеруден және емдеуден өте алады. «Жәрдем» медициналық пойызы заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УДЗ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған. Жобаға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының бастамасымен алғаш рет кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылып, шалғай жатқан аудандар мен ауылдарда тұратын азаматтарға тиімді психологиялық, құқықтық және медиативті (татуластық) көмек көрсету қызметтері тегін ұсынылмақ. Сонымен қатар, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуға құқықтары, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселелері бойынша тегін кеңестер көрсетіліп, төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер туралы ақпарат беру ұйымдастырылмақ. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның Әлеуметтік жобалар қоры Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен бірлесіп атқарып отырған әлеуметтік жобасы.

Атырау облысы

1. Ганюшкин 02.09.23ж., сағат 08.16 - 03.09.23ж., сағат 20.59

2. Афанасьев 03.09.23ж., сағат 21.27 - 05.09.23ж., сағат 20-59

3. Исатай 05.09.23ж., сағат 22.05 - 07.09.23ж., сағат 20.59

4. Нарын 07.09.23ж., сағат 21.43 - 09.09.23ж., сағат 20.59

5. Аққыстау 09.09.23ж., сағат 22.01 - 11.09.23ж., 21.05

6. Жамансор 12.09.23ж., сағат 02.30 - 13.09.23ж., сағат 21.15

7. Мұқыр 13.09.23ж., сағат 22.16 - 15.09.23ж., сағат 20.50

8. Сағыз 15.09.23ж., сағат 21.24 - 17.09.23ж., сағат 20.15

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521