Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

2019 жылдың І тоқсанында МСҚ жүргізген мониторинг нәтижесі

Медициналық сақтандыру қорымен 2019 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген қызмет сапасы мен көлемін бақылау нәтижесі анықталынды.

2019 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа 1403 медицина ұйымы қызмет көрсетті, оның 701-і – жеке меншік. Атырау облысы бойынша тұрғындарға 64 медицина ұйымы қызмет көрсетті. Оның ішінде 30-ы жеке меншік. 2019 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген қызмет сапасы мен көлемін бақылау нәтижесі бойынша, Медициналық сақтандыру қоры 1,5 млрд теңгенің қызметі кемшіліктермен көрсетілгенін анықтады. Соның ішінде: емханалық-амбулаторлық көмек саласындағы кемшіліктер - 121,7 млн. теңге; консультативтік-диагностикалық қызметтер - 48,5 млн теңге; ауыл халқына көрсетілген медициналық қызметтер - 212,6 млн теңге; стационарлық және стационарды алмастыратын көмектегі ақаулар - 1,1 млрд теңге; медициналық көмектің ВИЧ, ПАБ, онкология, наркология сынды т.б. түрлері бойынша - 99,4 млн теңге. Атырау облысы бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген қызмет сапасы мен көлемін бақылау нәтижесі бойынша, МСҚ Атырау облысы бойынша филиалы 31,3 млн. теңгенің қызметі кемшіліктермен көрсетілгенін анықтады. Оның ішінде: -емханалық-амбулаторлық көмек саласындағы кемшіліктер – 2,1 млн. теңге; -консультативтік-диагностикалық қызметтер – 988 мың теңге; -ауыл халқына көрсетілген медициналық қызметтер – 4,4 млн теңге; -стационарлық және стационарды алмастыратын көмектегі ақаулар - 19,4 млрд. теңге; -медициналық көмектің ВИЧ, ПАБ, онкология, наркология сынды т.б. түрлері бойынша – 568 мың теңге; -кезек күттірмейтін медициналық көмек (4 категория) – 845 мың теңге; -жедел медициналық көмек (1-3 категория) – 643 мың теңге; -басқа де шегерімдер (медицина ұйымында МӘМС және ТМККК, азаматтарды бекіту тәртібі тақырыптарында ақпараттардың ілінбеу, және т.б.) – 2,1 млн теңге. Медициналық сақтандыру қоры медицина ұйымдары көрсеткен қызмет ақысын ай сайын, есеп беретін ай біткеннен кейін, күнтізбе бойынша 20 (жиырма) күннен кешіктірмей төлеп отырады. Төлем көрсетілген қызмет актілері негізінде және қызмет сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін жасалады. Медициналық қызметке төленетін тарифтерді Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Мониторинг қызметі бақылауды: қызметтің көлемі мен сапасына қарай жүргізеді. Қарапайым тілмен айтқанда, МСҚ келісім - шарт міндеттемелеріне сәйкес қызметтің нақты көрсетілген-көрсетілмегенін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес емдеу және диагностиканың орындалуын мониторингілейді. Қандай да бір олқылықтарға жол берген медицина ұйымына айыппұл салынады. Ал, емдеу барысында өрескел заң бұзушылықтар орын алған жағдайда істі құқық қорғау органдары мен қадағалау органдарына жібереді. Мониторингті Қордың сарапшылары жүргізеді. Бақылау «Медициналық қызмет сапасын басқару жүйесі» (СУКМУ), Емханалық-амбулаторлықкөмек (АПП ПС) бағдарламалық жүйелері арқылы, сондай-ақ, бекітілген жоспар бойынша емдеу мекемелерін аяқтай барып тексеру арқылы жүргізіледі. Мониторинг жоспарлы түрде ғана емес, жоспардан тыс және мақсатты да жүргізіледі. Жоспардан тыс бақылауға пациенттердің арыз- шағымдары негіз болуы мүмкін. Сонымен бірге, Қордың тапырмасымен де жүргізіледі. Мониторинг барысында анықталған негізгі кемшіліктер: емдеу-диагностика шараларының стандарттарын сақтамау, медициналық құжаттарды сапасыз толтыру, ақпараттық жүйеге қате мәліметтерді енгізу.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы + 7 7122 956936

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT