Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданында биыл 666 бала бірінші сыныпқа барады

Қызылқоға аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфайрус Әнжанованың айтуынша, биыл ауданда 15 орта, 4 бастауыш мектеп балаларды қабылдайды.

1-11 сынып аралығында 6603 бала оқыса, оның 666-ы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтындар.

– Міне, осы оқушылардың арасынан тұрмысы төмен, атаулы көмек алатын отбасылардың балалары мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды іріктеп, 1118 баланың тізімін шығардық. Ол тізімді әр мектептің қамқоршылық кеңесі мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі шығарып берді. Әрі қарай біз аталмыш санаттағы балаларға «Мектепке жол» акциясы аясында көмектесетін боламыз. Бұрын аталмыш акция аясында тек қана мектеп формасы мен оқу құралдарын алып беретін болсақ, биылдан бастап ата-анасының есепшотына көмекті қаржылай да аудара аламыз,– дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфайрус Әнжанова.

Дулат Ғұбайдуллин

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521