«Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында 300 мыңнан астам оқушы қаржы алды. Қаржылай көмек 475 мың балаға көрсетіледі.
Оқу-ағарту министрі білім басқармаларының басшыларымен кездесуде төлемдерді 23 тамызға (қоса алғанда) дейін аяқтау туралы тапсырма берді.
Биылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі қаржылай көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізді. Егер бұрын өңірлерде бөлінген сома 17 мыңнан 40 мыңға дейін болса, биыл бұл сома ұлғайтылып, кемінде 37 389 теңгеге жетті.
Көмек беру тетігіне де өзгерістер енгізілді. Енді ата-аналарға қаржы балаларымен бірге мектеп формасын, аяқ киімін, кеңсе тауарларын және тағы басқа өз бетінше таңдай алуы үшін банктегі шотына аударылады. Бұған дейін мұның барлығын әкімдіктер сатып алатын және тауардың өлшеміне, сапасына, тағы басқа қатысты мәселелер туындайтын.
Енді ата-аналар өзінің банктегі шотына ақшаны тікелей алып, балаларына мектеп формасын, кеңсе тауарларын және аяқкиімін өз бетінше таңдай алады. Бұған дейін сатып алумен әкімдіктердің қызметкерлері айналысатын. Кейде киімнің өлшеміне, сапасына қатысты проблемалар туындайтын. Қазір әкімдіктер қаражат аударуды аяқтап жатыр. 37 389 теңге – ең төменгі сома. Жергілікті атқарушы органдар көрсетілген көмек көлемін көбейте алады, бірақ оны азайтуға құқығы жоқ. Кейбір әкімдіктер бұл сомадан артық қаржы бөліп жатыр, мысалы, Алматы 43 мың теңгеден. Біз мұны тек құп көреміз, - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.
Сурет: unsplash