Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тұрмысы төмен отбасының 75 мың баласы колледжде оқуға грант алды

2022 жылы әлеуметтік осал санаттағы 75 мың бала колледжде оқуға грант алды. Былтырмен салыстырғанда жеңілдікпен оқуға түскендердің саны 25 мыңға артты. Бұл квота санаттары тізбесін кеңейтудің арқасында мүмкін болды. Оқуға түскендердің 1 101-і - ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер.

Биыл жалпы саны 125 мың грант бөлінді. Бұл - рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім берумен 100% қамтуды жоспарлап отыр. Ал биыл тегін оқығысы келетіндер үшін квоталардың тізімі кеңейтілді. Көпбалалы отбасылардың балалары үшін 5% квота, толық емес отбасы балалары үшін 1% (осы мәртебеге үш жылдан кем болмауы керек) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін 1% квота қосылды.

Соның арқасында жаңа оқу жылында квота санатына 75 мың талапкер түссе, оның 1 101-і ерекше білім беруді қажет ететін балалар. Колледждерде жайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

«Биыл қазақстандық колледждерге барлығы 183 мың қазақстандық жас оқуға түсті. Оқушылардың ең көп таңдаған салалары - құрылыс, білім беру, туризм, қонақ үй бизнесі және т.б»,-делінген хабарламада.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT