Жаңа ықшамауданның инфрақұрылымын дамыту жоспары қолға алынды. Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-«Binom» мектебі мен балабақша жобасын жасақтауды жоспарға алдық. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ –мен келісім аясында осы аумаққа спорт кешен салынады. Сондай-ақ, мұндағы көшелер мен Құлсары қаласына дейінгі тас жол жарықтандырылады, - деді Ж.Қаражанов.
Аудан әкімінің айтуынша, ықшамудандағы құрылыс жұмыстарын бақылау үшін тұрғын үй аумағына 7 камера орнатылған. Енді, оларды қауіпсіздік мақсатында пайдалану үшін орталық жүйеге қосады. Сонымен қатар, көше бойына «Сергек» камералары орнатылмақ. Бұдан бөлек, жергілікті мердігер мекеменің демеушілігімен ашық спорт алаңы салынады. Қазір ықшамаудандағы 12,1 шақырым жолдың 7,5 шақырымы пайдалануға берілген.