Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған білім ордасында алғашқы қоңырау соғылды

«Жұлдыз-2» шағын ауданындағы заманауи мектеп өз есігін айқара ашты. Бүгін бірінші сыныпқа қабылданған 122 оқушы жаңа мектептің табалдырығын алғаш аттады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Білім ордасы екі ауысымда 1800 балаға дейін қабылдайды. Жалпы аумағы 10 мың шаршы метрден асатын ғимаратта оқу кабинеттерімен қатар асхана, спорт және акт залы, кітапхана, STEM-зертхана және медициналық кабинет бар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы лифт орнатылған.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың 29 тамызында «Жұлдыз-2» шағын ауданындағы жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқушыларды қабылдау 20 тамыздан басталды, бүгінде 1200 бала мектеп табалдырығын аттады. Білім күні біздің мектебімізде алғашқы қоңырау соғылды, – деді №48 жалпы білім беретін мектеп директоры Орынгүл Қуандықова.

Жаңа мектептің ашылуы «Жұлдыз-2» шағын ауданы тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Өйткені бұған дейін бұл аумақта мектеп болмағандықтан, балалар көршілес «Жұлдыз-1» мектебінде оқыды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT