Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қанша бала Келешек мектептеріне қабылданды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Жаңа оқу жылында 100 мыңға жуық оқушы жоба аясында салынған 57 жаңа форматтағы мектепте білім алуды бастады.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығын, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған.

Аталған жоба аясында салынған мектептер бұрынғы жылдардағы типтік ғимараттардан айтарлықтай ерекшеленеді. Барлық кабинеттер заманауи құрал-жабдықтармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған, бұл оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңа форматтағы 105 мектеп пайдалануға берілген еді. Жалпы ұлттық жоба аясында барлығы 217 мектеп салу жоспарланып отыр.

Айта кетелік білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарты бекітілген еді. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT