Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Құлсарыдағы «Білім-инновация» лицейі Атыраудағы жаңа ғимаратқа көшірілді

Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы №2 «Білім-инновация» лицейінің ғимараты су тасқыны салдарынан апатты деп танылып, биыл облыстық білім беру басқармасының шешімімен Атыраудағы Талғайран елді-мекеніндегі жаңа ғимаратқа көшті. Жаңа оқу ордасы 600 орынға есептелген, қазір мұнда 270 оқушы білім алуда, - деп Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Мектеп қабырғасында бұрыннан білім алатын 140 оқушы болса, биыл жаңадан 130 оқушы оқуға қабылданды. Оларға 30 жоғары білікті оқытушы сабақ береді. 

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Абуовтың айтуынша, мектептің материалдық-техникалық базасы толықтай заманауи үлгіде жабдықталған. 

- Ғимарат ішінде кең сынып кабинеттері, спорт залы, асхана, зертханалық бөлмелер бар. Сонымен қатар, 270 орындық жатақхана жұмыс істеп тұр, алдағы уақытта қосымша 300 орындық жаңа жатақхана салу жоспарланып отыр, - деді М. Абуов.

Оқу орны қазақ тілінде білім береді. Алайда жаратылыстану бағыты бойынша химия, биология, информатика, математика және физика пәндері ағылшын тілінде оқытылады.

Атырау облысында 2025-2026 оқу жылында 228 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында 15 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT