Соңғы екі күннен бері аудан орталығы Миялына ауылына тасқын судың қаупі төніп, төтеншеліктер мен еріктілер жұмыла жұмыс жасауда.
Аудан әкімдігінің мәліметінше қазіргі таңда Ойыл өзеніне келіп жатқан судың деңгейі көп. Ойыл өзені арнасынан асып, Миялы ауылының тұсындағы бұзылған жол бойына су көптеп жиналуына байланысты 30 наурыз күні түнгі сағат 00.40-та айналма жол бұзылды. Қазіргі таңда су кедергісіз ағуда.
Алайда, арқаны кеңге салуға болмайды. Негізгі тасқын су әлі Миялы ауылына келмеді. Болжам бойынша бүгін кештетіп немесе түнделетіп келуі мүмкін. Осы орайда, аудан әкімдігі күш біріктіріп, қол көмегенін тигізіп жатқан барша тұрғындарға алғыс айта отырып, тасқынға қарсы күресті жалғастыра беруге шақырады.