Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазан айының басында елімізде атом электр стансасын салу жөнінде жалпыхалықтық референдум өткені белгілі. Референдум алдында «Amanat» партиясы аудандық филиалы атом электр стансасын салуды қолдау жөнінде халықтық штаб құрып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген еді.

Таяуда Республика күніне орай «Amanat» партиясының аудандық филиалында салтанатты жиын өтіп, референдум кезінде белсенді жұмыс жасаған партия мүшелері марапатталды. Жиынды аталмыш партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Альберт Аққайнанов ашып, партияластарын мерейлі мерекемен құттықтап, саяси науқан кезіндегі белсенділіктері үшін алғыс білдірді. Бұдан соң кезек марапаттау рәсіміне беріліп, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Есенбай Нұров «Amanat» партиясының Құрмет грамотасымен, партия белсенділері Сағидолла Яқып, Өтеуғали Дүйсәлі, Гүлшара Сары, Сәндігүл Дәуленова, Мейрамгүл Аяғановалар партия төрағасы Ерлан Қошановтың, сол сияқты Еркін Сұлтанов, Жаннат Нұрпейсова, Алтынзер Баймұратова, Арыстанбек Шарафеден, Нұрбек Байсейітовтер партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің Алғыс хатымен мапаратталды. Жиын барысында партия белсенділері алдағы саяси науқандарда да жұмыла жұмыс жасап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қоса беретіндерін жеткізді.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT