Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ

Мемлекеттік қызмет саласында еселі еңбек етіп, ауданның дамуына сүбелі үлесін қосқан «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Бибоз Байдәулетұлының есімі аудан тұрғындарына жақсы таныс. Қай-қай салада да табысты еңбек еткен жерлесіміз 2016-2019 жылдары Құрманғазы ауданының әкімі болып, аталмыш ауданның дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған болатын.

Міне, сол еселі еңбегінің бағаланғаны болар, таяуда оған «Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Жерлесімізге аталмыш марапатты Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев пен мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева республика күніне орай Құрманғазы ауданында өткен салтанатты шарада табыс етті. Ендеше, еңбегі еленіп, құрметке бөленіп жатқан жерлесімізге «Мерейлі марапат құтты болсын!» демекпіз.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT