Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Облыстың бас имамы ауданға келді

Өткен аптаның бейсенбісі күні ауданға облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы іссапармен келді.

Алдымен Мұқыр ауылына ат басын бұрған бас имам Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында «Аманияз ата» мешітінің имамы Мұхаммед Сапарұлына баспана кілтін табыс етті. Ауыл мешітіне имам болып тағайындалғанына үш жылдан асқан Мұхаммед бұған дейін әр жерді паналап, тұрақты үйі болмаған еді. Енді міне, жаңадан берілген баспана имамның жамағатпен етене араласып, алаңсыз жұмыс жасауына мүмкіндік туғызатын болады. Бұдан кейін бас имам аудан орталығы Миялы ауылына ат басын бұрды.

Бұл сапардың басты мақсаты – «Бәйтерек» мешіті жамағатына арналған заманауи үлгіде дәретхананың ашылу салтанатына қатысу. Бұған дейін аудандағы үлкен мешітте дәретхана басты мәселелердің бірі болып келді. Осыны жете түсінген ауылдың 1971 жылы туған азаматтары жаз айында дәретхана құрылысын қолға алып, екі-үш айдың ішінде жаңа нысанды салып бітірді. Осылайша өз қолдарымен салған құрылыстың ашылуы шарасында ауыл азаматтары дәретхана кілтін салтанатты түрде облыстың бас имамына табыс етті. тады. Содан кейін дәретхана есігі айқара ашылып, жамағатқа ішке енді. Жаңа дәретханада бір ғұсыл алатын, төрт ішкі әжетхана және сегіз дәрет алатын орын бар.

Құрылысқа көңілі толған бас имам жыл аяғына дейін облыс бойынша дәл осындай жеті дәретхана берілетіндігін, бұл жамағат үшін жақсы мүмкіндік екендігін тілге тиек етті.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT