Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялыдағы жаңа қос дүкен халыққа қызмет етуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында: «Шағын және орта бизнес күрделі кезеңді бастан өткеруде. Шын мәнінде, пандемияның зардабы осы салаға ауыр тиді. Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді» деген болатын.

Елімізде болып жатқан қиын кезеңге қарамастан аудан кәсіпкерлері өз ісін одан әрі дөңгелетіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына себепкер болып отыр. Солардың бірі – миялылық жеке кәсіпкер Ғалия Нуптиева жақында азық-түлік дүкенін ашты. Жаңа дүкеннің басқа азық-түлік дүкендерінен айырмашылығы балаларға арналған барлық тағам түрлерін осы дүкеннен табуға болады.

– Кәсібімізді одан әрі дамыту мақсатында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау облыстық филиалы арқылы несие алып, айналым қорын толықтырып, қажетті құрылғылар алдық. Қазіргі таңда бір адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Дүкенде әлеуметтік маңызы бар тағамдар сөресі қойылған. Жеке кәсіпкердің басты мақсаты – халық сұранысын қанағаттандырып, баға тұрақтылығын сақтау. Осы бағытта жұмыстанудамыз, -дейді жеке кәсіпкер Ғалия Нуптиева.

img-20200924-wa0002

 

Ал, Е.Нұршаев атындағы ықшам ауданынан «Қарлығаш» сауда үйін ашқан жеке кәсіпкер Қарлығаш Исмағұлова:

- «Өзім кәсіпкерлік саласына 1995 жылы келген болатынмын. Алғашында ойыншықтар, балалар киімін саттым. Бұл салаға келгеніме жиырма бес жылға жуықтап қалды. Елде болып жатқан қиындыққа қарамай кәсіпкерлігімізді кеңейтуді мақсат етіп, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау облыстық филиалынан несие алдым. Несие алған соң оны мақсатты жұмсап, тиімді пайдалану керек. Осыған дейін жеке ғимараттарды жалға алып, халыққа қызмет көрсетіп келген едім. Бүгінгі күні жаңа ғимаратта азық-түлік өнімдерімен қатар, құрылыс материалдарын сатуды жоспарлап отырмыз. Осы тұста қолдау көрсеткен аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөліміне, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау облыстық филиалына ризашылығымды білдіремін» деген ақ жарма тілегін білдірді.

Әрине, ауданда кәсіпкерлік көкжиегі кеңіп, жаңа жұмыс орындары ашылып халық игілігіне жұмыс жасап отырған жағдайда ғана ел экономикасы одан әрі дами түсері сөзсіз.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT