Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда дәстүрсіз діни ағымдардың қызметі талқыланды

23 қыркүйек күні Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінде «Дәстүрсіз діни ағым ұйымдары қызметінің ерекшеліктері мен іріткі салу аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Атырау облысы бойынша Ішкі істер органдары қызметкерлері мен мекеменің жеке құрамы қатысқан жиында дәстүрсіз діни ағым туралы әңгіме болып, қазіргі таңда қоғамға іріткі салу мәселелері қаралды.

УГ-157/1 мекемесі бастығының м.а. Мейірбек Уразгалиев қазіргі таңда мекемеде діни мәселелер жоқ екендігін айтып, қажет болған кезде мекемеде отырған күдіктілер мен сотталғандар теолог мамандармен кездесе алатындығын айтты.

- Қажет болған жағдайда мекемеге теолог мамандарды шақыртып, сотталғандар мен күдіктілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады. Діни сұрақтар талдауды қажет ететін болғандықтан, әркез мамандармен кеңесіп отырамыз, - деді Мейірбек Уразгалиев.

Кадр саясаты тобының аға инспекторы Кундыз Утемисова діни тақырыптағы семинар-тренингтер мекеменің жеке құрамымен де жиі өткізілетіндігін айтты.

«Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы Сұлтангелді Сариев еліміздегі өзге жат ағымдағы діни ұйымдар туралы ақпарат беріп, жеке құрамның сұрақтарына жауап берді.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда УГ-157/1 мекемесінде 150-ден астам күдікті отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521