Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНБАҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы нағыз дер шағында ұсынылған саяси құжат болды.

Өйткені ел халқы жаз бойы аты жаман аурумен алысып, қоңыр күз түскенде «Енді жағдайымыз қалай болады, даму бағытымыз қалай айқындалады?» деп сары уайымға түскені анық. Осыны жете түсінген мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялады. Президент Жолдаудың кіріспесінде індетпен күресте ерекше белсенділік танытқан дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге ерекше алғысын білдіріп, осындай жандардың еңбегін үлгі тұтуымыз керектігін баса айтты. Бұл Жолдауда менің көңілімен шыққаны – қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру мәселесі болды. Ол үшін кеңес мүшелерін сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту керектігін, сол кезде ашықтық пен әділдік орнайтындығын мәлімдеді. Президент өз сөзінде «Сондай-ақ, квази мемлекеттік секторда қоғамдық кеңес құру мүмкіндігін қарастыру керек. Парламент қаралымындағы тиісті заң жобасын жыл аяғына дейін қабылдаған жөн. Сонымен қатар қоғамдық кеңестердің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін кеңінен тарту керек. Мысалы, біз мүмкіндігі шектеулі адамдардың осындай ұйымдардың жұмысына араласып, өз үндерін жеткізу үшін қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Олар әрқашан мемлекеттің ерекше назарында болуға тиіс» деді. Бұдан шығатын қорытынды – енді қоғамдық кеңестердің маңызы артып, ауқымы кеңейеді. Кеңес құрамына түрлі саланың өкілдері еніп, қоғамның қордаланған мәселесіне тікелей араласатын болады. Бұл әрине біз қуаныш, зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік.

Құмар ХАСАН,

аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT