Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕЛ МҮДДЕСІ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУ КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы дәл дер шағында жолданды деп есептеймін.

Мемлекет басшысы еліміздегі жер-жаһанға қауіп төндірген пандемиямен күрестің жалғасын тауып жатқандығын және бұдан ел болып күш жұмылдырғандығымыздың арқасында бәсеңсігендігін тілге тиек етті. Шын мәнінде еліміздің басындағы ауыр жағдай халықты біраз әуре-сарсаңға түсіргені рас. Жалпы Жолдаудағы жергілікті өзін-өзін басқару мәселесіне тоқталғым келіп тұр. Бұл бағыттағы заң бізде бар, бірақ формалды түрде қолданылып келген. Президент осы мәселеге айрықша назар аударып, ауыл әкімдерін халықтың пікіріне сүйене отырып сайлау мәселесін алдағы жылы енгізу қажет екендігін айтты. Бұған қоса, ұлттық құндылықтар мәселесі де көтерілді. Мемлекет басшысы келешекте адал, білімді, кәсіпке бейім ұрпақ тәрбиелеу ісіне араласуды барлық қоғамдық институттарға жүктеді. Барлық саладағы түйткілді мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін арнайы жолданған Жолдаудың оң әсері болады деген ойдамын. Өйткені, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз» деп ел халқына үлкен сенім білдірді. Ендігі міндет жұмыла бірігіп, ел мүддесі үшін аянбай еңбек етуіміз керек.

 

Қайырғали БАЗАРБАЕВ,

Мемлекеттік қызмет саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT