Таңғы сағат 7.00-де басталған республикалық референдумның аяқталуына да азғантай уақыт қалды.
Аудандық аумақтық референдум комиссиясының мәліметі бойынша, ауданда республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 18 457 азаматтың 13 288-і, яғни 71,99 пайызы кешкі сағат 17.00-ге дейін дауыс берген.
Әлі де референдум учаскелеріне дауыс беру үшін келіп жатқандар бар. №143 учаскелік референдум комиссиясының мүшелері аудандық орталық ауруханаға барып, онда денсаулығына байланысты емделіп жатқан үш адам мен үйінде науқастанып жатқан бір адамның дауыс беруіне жағдай жасаса, №144 учаскелік референдум комиссиясының мүшелері өз өтініштері бойынша денсаулықтарына орай референдум учаскесіне келе алмаған алты адамның үйлеріне барып дауыстарын алды.