Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мұқырдағы мәдени шара

Мұқыр ауылдық клубында мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай мәдени шара болып өтті.

Дастарқан жайылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетілді. Мәдени шарада Мұқыр ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ж.Сарбаева сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мемлекеттің, үкіметтің жасап отырған қамқорлық аясындағы арнайы бағдарламалары туралы, Елбасының сындарлы саясаты арқасындағы қолжетімді баспанамен қамту, жұмысқа орналасу, әлеуметтік жеңілдіктер туралы ақпараттармен таныстырылды. Ауыл өнерпаздары Б.Досбосын мен Е.Жұмағали ән салса, өнерпаз бишілері мың бұрала билеп берді.

Шара барысында, Мұқыр ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сақиев пен Мұқыр ауылдық клубының директоры А.Есенғали сөз сөйлеп, ізгі тілектерін арнаса, кеш қонақтары өздерінің лебіздерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Бауыржан СИСЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз