21 наурыз – Ынтымақ күні. Оның басты мақсаты – жалпы халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.
Еліміз де Наурыз мейрамы бізді ұлттық өзекке оралтып қана қоймай, ел ішіндегі ағайын мен сырттағы бауырларды байланыстырушы көпір ретінде қызмет етеді. Ынтымақ күнін біз бірлік және ынтымақта бірге атап өтіп, мәдени әр алуандықты ұлтты ұйыстырушы тетікке айналдыруымыз керек. Бұл күн ауызбірлік, ортақ құндылықтар мен азаматтық бірегейліктің маңызын түсінуге жетелейді.
Ынтымақ күні азаматтарды бейбітшілікке, келісім мен төзімділікке қолдау білдіруге үндеп, әділ және бақуатты қоғам құруда өзара сыйластықтың, ынтымақтастық пен бір-бірін қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Бұл қоғамдағы қайшылықтарды азайтуға және қоғамның әр түрлі топтары арасындағы түсіністікті арттыруға ықпал етеді.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА