Жақында Атырау қаласында жыл қорытындысы бойынша облыстың үздік кәсіпкерлерінің дәстүрлі мерекесі өтті. Салтанат сарайында ұйымдастырылған шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев облыс экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, үздік кәсіпкерлерді марапаттады.
Салтантты шарада Ойыл ауылдық округіне қарасты «Құрман» шаруа қожалығының төрағасы Құрманбек Жаңабаев «Үздік өндіруші» номинациясымен марапатталса, белгілі атыраулық кәсіпкер және қоғам қайраткері Әлия Бекқожиеваны еске алуға арналған «Әлия тану» номинациясын Тасшағыл ауылдық округінің кәсіпкері Шаһар Есенбаева жеңіп алды. Сондай-ақ, Ақболат Құсанов «Отбасылық бизнес», Анар Ажайыпова «Үздік әлеуметтік кәсіпкер», Людмила Нұрмағанбетова «Қызмет саласының үздігі» (үшеуі де Миялы ауылдық округінен) атағын иеленсе, ауданда кәсіпкерлік саланың дамуына үлес қосып жүрген Октябрь Нұрадинов (Миялы а/о) облыс әкімі Серік Шәпкеновтің, Алмагүл Нұрымғалиева (Сағыз а/о) мен Құралай Төлеуішова (Миялы а/о) облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің Алғыс хатымен марапатталды.
Бауыржан ОҚАСҰЛЫ