Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Қаламгер сыйлығы" табыс етілді

«Арман» мәдениет үйінде аудандық «Қызылқоға» газетінің мерейлі 70 жылдығана орай «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің қолдауымен, «Қызылқоға» газеті редакциясының ұйымдастыруымен «Қаламгер сыйлығы» атты байқаудың қорытынды жиыны өтті.

Айта кетсек, газетті түлетуге зор үлес қосқан бас редакторлар Төлеубай Ысқақов, Қабдол Кенжеалиев, Ізни Нұрқасымов және Қазақстанның Құрметті журналисі Жолдас Жанқуат атындағы сыйлық тағайындалған еді. «Ойыл аруы» би тобының «Қазақ биімен» ашылған соң құттықтау тілегін білдірген «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов:

– Тоқырау кезінде елімізде біраз газет жабылды. Соның ішінде «Қызылқоға» газеті бар. Жабылған газетті қайта шығаруда сол кездегі газеттің бас редакторы Лес Жолдиевтің еңбегі зор. Міне, биыл осы газетке де 70 жыл толып отыр. Күні кеше Исатау аудандық «Нарын таңы» газетінің 70 жылдығы өтсе, бүгін «Қызылқоға» газетінің 70 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Қаламгер сыйлығы» байқауының қорытындысы өтуде. Төлеубай Ысқақовпен жұмыстас болсақ, Қабдол Кенжеалиев, Ізни Нұрқасымов ағаларымызды көзіміз көрді. Ал, Жолдас Жанқуатов араларыңызда отыр. Төрт бірдей журналистің есімдерін ардақтап, олардың атында өтіп жатқан бұл байқау тәрбиелік мәні бар үлкен шара. Өткенді ұмытпау керек. «Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ» дегендей өткенді ешқашан ұмытуға болмайды. Сондықтан бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Мерекелерің құтты болсын, әріптестер! – деді.

Бұдан кейін Исатай Құндызбайұлы «Баспасөз» науқаны барысында газетке жазылуды жүйелі ұйымдастыра білгені үшін Сәндібек Салықов (Миялы а/о әкімі), Амангелді Бағдаров (Жангелдин а/о әкімі), Гүлшара Ізімова (Тасшағыл а/о әкімі), Мағжан Жексенов Ойыл а/о әкімі, Төреш Қозбақов Тайсойған а/о әкімі), Оспан Ароновты (Жамбыл а/о әкімі) және ұлт руханиятының дамуына және жас ұрпақты газет арқылы тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін Мұрат Сарманов, Рауан Сабыров, Бибоз Шаяхметов, Жәния Ізбасқан, Құрманбек Жаңабаев, Айбек Бақтығалиев, Нәдір Қарабалин, Алшын Омаровты «Атырау-Ақпарат» медиаголдингінің бас директоры Жасын Біркеновтың алғыс хатымен марапаттады.

Шара барысында оқырмандар арасында өткен байқауда Қабдол Кенжалиев атындағы сыйлықты жеңіп алған Құмар Хасанов, Роза Әбілханова, Әділет Амангелді, Нұрлыбек Бақтығалиға сыйлықтарын «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов пен ұрпағы Бауыржан Қабдолұлы табыс етті. Ал, аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гауһар Құрманғазиева мен үрпағы Ержан Нұрқасымов Ізни Нұрқасымов атындағы сыйлықты Нұрислам Құспанғали, Амандық Абдолов, Назиға Тортай табыстаса, Жолдас Жанқуат атындағы сыйлықты иеленген Айтгүл Еңсегенді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин мен Жолдас Жанқуатовтың ұлы Қисмеден Жанқуатов марапаттады Шара барысында «Қызылқоға» газеті бас редакторының орынбасары-жауапты хатшы Нұрсәуле Жауынбаева «Қызылқоға қаламгерлері», «Армн» мәдениет үйінің әншілері Заманбек Абзалұлы «Қазақ тілі», Бисұлтан Мұхтаров пен Жұмагелді Әділов «Есіңе ал», Зәуреш Жұмғалиева «Туған өлкем – Қызылқоғам» әндерін тамылжыта орындады.

Бауыржан ОҚАС. 

Суреттерді түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521