Оқу жылы қарсаңында Атырау облысының әкімі М. Досмұхамбетовтің қатысуымен селекторлық режимде жиын өтті.
Оған аудан әкімі, аудандық білім бөлімінің басшысы және ерекше балалар мен олардың ата-аналары қатысты. Жиынды Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ашып, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның демеушілігімен ерекше балаларға оқу құралын алу үшін берілген сертификаттарды табыс етіп, одан әрі эстафетаны аудан әкімдеріне жолдады.
Облыс әкімінен эстафетаны қабылдап алған аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев аудандағы ерекше бала санатына жататын Ақылбек Серік, Асылым Төлебай, Мереке Теңел, Қасиет Жеңісқызы, Нұрай Ақнияздарға 15 мың теңгенің сертификатын тапсырып, оқуда озат болуға тілектестік білдірді. Айта кетейік, дәл осындай көмек аудан бойынша 212, облыс бойынша 7 мың балаға беріледі.
Дулат МӘТЖАН