Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бөлімде жаңа басшылар

тағайындау
тағайындау

Сәрсенбі күні ауданда бірқатар лауазымдық ауыс-түйістер жасалды. Аудан әкімінің 2023 жылғы 22 ақпандағы №44 өкімімен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып Болат Салықов тағайындалды.

1962 жылы Миялы ауылында дүниеге келген ол Алматы халық шаруашылығы институтын финанс және кредит мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 1982 жылы аудандық қаржы бөлімінде ауылшаруашылығы бойынша аға экономист болып бастаған. Әр жылдары салық органдарында басшылық қызметтерде болып, кейіннен аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде меңгеруші, Миялы ауылдық округінің әкімі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы болды.
Сонымен қатар, аудан  әкімінің 22 ақпандағы №45 өкімімен Алмагүл Ғазезова аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы лауазымына Алмагүл Ғазезова тағайындалды. 1981 жылы Миялы ауылында дүниеге келген ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін менеджмент мамандығы бойынша бітіргеннен кейін еңбек жолын осы бөлімде іс жүргізушісі болып бастап, бас маман, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.  Осы орайда, Болат Салықов аталмыш лауазымға ішкі конкурс қорытындысымен, Алмагүл Ғазезова лауазымдық ауысу тәртібімен тағайындалғандығын айта кеткен жөн. Бөлім басшыларын ұжымдарына таныстырған аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Дулат БЕРІКҰЛЫ

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521