Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда ауыл тұрғындарының вакцина алуы үшін тегін әлеуметтік пойыз іске қосылды

"Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов арнайы барып, көрген  "Дені саудың - жаны сау" әлеуметтік пойызының  "Сағыз - Атырау" бағытындағы  тасымалы "Атырау - Құрманғазы" бағытында да  қатынайтын болады" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов  Сағыз стансасынан жолға шыққан тегін тасымал пойызының вагондарын көріп шығып, жолаушыларға сәт сапар тіледі.

"Бұл - тұрғындардың екпе алуына жағдай туғызу мақсатында ұйымдастырылып отырған бастама, өйткені індетпен күресудің бірден-бір жолы вакцина алу" деп атап өтті  Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Жолаушылардың кейбірі екпені алғаш алғалы жатса, енді бірі екпенің екінші компонентін салдырмақшы.

Қызылқоға ауданының құрметті азаматы Байғали Досымбаев арнайы пойыз арнап, екпе алуға жағдай жасап жатқан облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

"Бұған дейін қан қысымым болған соң екі рет екпе ала алмап едім, кейін бала-шағамыздың денсаулығы үшін отбасымызбен екпе алдық. Балаларымызға да үнемі айтып отырамыз. Оның үстіне қазір әлеуметтік желілер арқылы да теріс түсінік қалыптастырып, халықтың арасын екіге бөліп қойып отырғандар бар. Жалған ақпараттарға да  тоқтам болуы керек" дейді Байғали Досымбаев.

60 орындық екі вагон аудан тұрғындары үшін арнайы жасақталып отыр.

"Қазіргі таңда облыста 59 екпе алу пункттері бар. Оның 10-ы жылжымалы пункттер. Арнайы әлеуметтік  пойыз жолаушылары үшін, Атырау қаласында екі егу пункті темір жол ауруханасында және N7 Атырау қалалық емханасында қызмет көрсетеді"  деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев.

Тегін тасымалдау акциясы  "Атырау - Сағыз" бағытымен бірге, "Атырау - Құрманғазы" бағытында да жалғасады.

Жоба Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен "Қазақстан темір жолы" АҚ-ы  бастамасымен іске асуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT