Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жерлестеріміз жарады

Таяуда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жігіттер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Сол жарыста жерлестеріміз бақтарын сынап, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Атап айтсақ 55 келі салмақта Жәнібек Тельман алғашқы белдесуінде қостанайлық, Шығыс қазақстандық, қызылордалық, ақтөбелік балуандарды жеңіп, ақтық айқасқа жолдама алды.

Алайда, финалда тағы бір қызылордалық балуанға есе жіберіп екінші орынды иеленді. Ал 60 келі салмақта өнер көрсеткен Бағытжан Нарешов барлығы алты кездесудің бесеуін ұтып, жартылай финалда алматылық балуаннан ұтылып қалды. Кейін үшінші орын үшін болған белдесуде жергілікті балуаннан басым түсіп, қола жүлдегер атанды, сол сияқты 82 келі салмақтағы тағы жерлесіміз Бекбол Мұқашев финалға дейін алқынбай жетіп, ақтық сында Жамбыл облысы балуанынан ұтылып, екінші орынды жеңіп алды. Осы орайда балуандарды аталмыш дайындаған жерлесіміз Айбек Серғазиевтің еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн.

Ақниет САРБАСБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521