Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Нарын» көкпар командасы ел Кубогінің қола жүлдегері атанды

25 маусым - 2 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көкпардан ересектер арасында «Қазақстан Республикасы көкпар федерациясының кубогі» ашық республикалық турнирі өтті.

Додада атыраулық «Нарын» командасымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінен 12 команда сынға түсті. Атыраулықтар іріктеу кезеңінде Алматы командасын 13:1 есебімен және Нұр-Сұлтан командасын 7:4 есебімен ұтты. Дегенмен, жартылай финалдық сында Жамбыл облысының "Әулие-ата" командасы мен бақ сынасып, 7:2 есебімен есе жіберді.

Қола жүлде үшін таласта «Нарын» маңғыстаулық "Адай-Ата" командасын 3:1 есебімен жеңді. Осылайша, Атырау намысын қорғап жүрген «Нарын» көкпар командасы биыл ел чемпионатында да, ел кубогінде де жүлделі үшінші орынға ие болып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT