Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жасөспірімдердің жүлдесі мол

Жақында Атырау қаласында Ауыл жасөспірімдерінің облыстық жазғы ойындарына аудан спортшылары асық ату, тоғызқұмалақ, дзюдо, қазақ күресі, волейбол, гандбол және шағын футбол сынды спорт түрлерінен қатысып қайтты.

Нәтижесінде, асық атудан, волейболдан (ұлдар), қазақ күресінен, тоғызқұмалақтан І орынды иеленсе, волейболдан (қыздар) ІІ орынды, шағын футболдан ІІІ орынды жеңіп алды. Ал, жекелеген спорт түрлері бойынша тоғызқұмалақтан Жұлдыз Валериева І орынды, Гүлжанат Бағдат ІІ орынды, Махамбет Жаңбырбай мен Мейрамбек Зайнолла ІІІ орынды, қазақ күресінен Диас Мырзаш, Бекарыс Мұрат, Амангелді Төребек, Мирас Әбілмажин, Исатай Қанат, Айбар Тұрғалилар І орынды, дзюдодан Махамбет Серікқали І орынды иемденді. Сондай-ақ, волейболдан Саясат Ізім, Нұрдәулет Бисенбай, Қуаныш Төлеу, Айзада Алмазқызы, Мәдина Тәттібай, Ақбота Жұмабайқызы, асық атудан Қуандық Тұрағұлұлы, Нұрсұлтан Мейрамұлы, Есбол Сланов, шағын футболдан Азамат Бердіғалиев сияқты аудан ойыншылары облыс құрама командасы қатарына алынды. Демек, олар республикалық жазғы ойындарда өз шеберліктерін байқататын болады.

Осындай жетістіктердің арқасында ауданның жасөспірімдер құрама командасы жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орынды еншіледі. Осы тұста, жаттықтырушылар Болатбек Меңдіғалиев, Жандос Тілекбаев, Бауыржан Досқалиев, Айбол Ысқақов, Ақжол Ғатауов, Шынар Күздеубаевалардың еңбегі зор.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT