Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Сағызда күрес мектебі ашылды

Кеше Сағыз ауылдық округінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Сағыз күрес мектебі салтанатты түрде ашылды.

Оған демеушілік көрсеткен «Сағыз и КО» ЖШС-нің директоры, меценат Сағызбек Тастеміров болатын. Шараны ашқан аудан әкімі Арман Баженов ауыл тұрғындарын, спортшыларды жаңа құрал-жабдықпен қамтылған, жаттығу залы кең спорт мектебімен құттықтады. Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп бекер айтпаса керек. Әрине, Сағызбек Тастеміровтің аудан, қала берді ауыл жұртшылығы үшін игілікті істің жаршысы болып келе жатқаны көпке етене таныс.

Ал, оның бүгінгідей күрес мектебін салуы өскелең ұрпақтың болашағына деген қамқорлық деп білеміз. Алдағы уақытта бұл күрес мектебінен ел намысын қорғайтын, апайтөс палуандар шығады деген сенімдеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT