Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Наурызбек – күміс жүлде иегері

Жақында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін самбодан әлем кубогы кезеңі мәреге жетті.

Екі күнге созылған жарыста жалпыкомандалық есепте әйелдер арасында Ресей бірінші, Қазақстан екінші, Румыния үшінші орынға ие болды. Ерлер арасында Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан үздік үштіктің қатарынан көрінсе, әскери самбодан Ресей, Өзбекстан, Қазақстан алғашқы үш орынды бөлісті. Соның ішінде, ерлер арасында 68 келі салмақта әлем чемпионы, ақтөбелік Есет Қуанов жеңіс тұғырына көтерілсе, Наурызбек Майлашев екінші орынға, Исатай Асқанбай үшінші орынға ие болды. Осылайша, жерлесіміз Наурызбек Майлашев күміс жүлдегер атанып, аудан, облыс абыройын асқақтатты.

 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT