«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жас сақшыға бір күнін арнап, полиция қызметінің жұмысымен жан-жақты танысуына мүмкіндік жасады.
Жас сақшы патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен бірге саптық жиынға қатысып, тәртіп сақшыларының күнделікті қызметке қалай дайындалатынын көрді. Бұйрық беру, сап түзеу, бағыт-бағдар алып, өзін нағыз полицейдей сезінді. Жиыннан кейін оған патрульдік полицияның негізгі міндеттері түсіндіріліп, қызметтік автокөліктің техникалық мүмкіндіктері мен арнайы жабдықтары таныстырылды. Сонымен қатар жас сақшыға реттеуші қызметі туралы толық мәлімет берілді.


