Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Заң және тәртіп» – құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолы

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде студенттердің құқықтық санасын арттыру, азаматтық ұстанымын нығайту және жауапты тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында эссе байқауы өтті.

Аталған байқау жастар арасында заң үстемдігі қағидаттарын насихаттауға, құқықтық мәдениетті дамытуға және қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау құндылықтарын орнықтыруға бағытталды. Іс-шараға оқу орны студенттері белсенді қатысып, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы, азаматтың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері төңірегінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Байқау барысында қатысушылар өз көзқарастарын нақты дәлелдермен, өмірлік мысалдармен ұштастыра отырып, эссе жанры талабына сай сауатты әрі мазмұнды түрде жеткізе білді. Студенттердің шығармашылық жұмыстары құқықтық сауаттылығының жоғары екенін және азаматтық жауапкершілікті терең түсінетінін көрсетті.

Эссе байқауы қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, белсенді қатысқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Алдағы уақытта да университет қабырғасында студенттердің азаматтық санасын дамытуға бағытталған осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар өз жалғасын табады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT