Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда «Eco Generation: Таза әлемге қадам» атты жастармен экологиялық кездесу өтті

2025 жылғы 23 желтоқсан күні Атырау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Eco Generation: Таза әлемге қадам» тақырыбында жастармен кездесу алаңы ұйымдастырылды. Кездесу Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылып, оған 50-ге жуық оқушы мен белсенді жас қатысты.

Жиынның басты мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын жан-жақты түсіндіру, экология саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және эко-белсенді жастар арасында ашық диалог алаңын құру болды. Кездесу барысында экология саласында белсенді қызмет атқарып жүрген мамандар мен эко-белсенділер сөз сөйледі. Атап айтқанда, Гумарова Асель – JerEcoHub жобасының менеджері тұрақты даму мен экологиялық жобалардың маңыздылығы туралы ой бөліссе, Аманжол Әлия – AtyrauEco ұйымының белсендісі өңірдегі экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталды. Сонымен қатар, Жайнар Ардаққызы – Махамбет ауданының «Jaryq bolashaq» командасының мүшесі жастардың экологиялық бастамалардағы рөлі жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар практикалық мастер-класстар өтті. Хакатон жеңімпазы Азамат Абдуррахман қоқысты сұрыптауға арналған инновациялық жобасын таныстырса, Бисембай Тілекші Серікқызы «Химия әлеміне саяхат» тақырыбында экология мен химияның өзара байланысын түсіндірді. «Eco Generation: Таза әлемге қадам» кездесуі жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты бастамаларға атсалысуына серпін берді.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT