Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Аудандық сотта «Қоғамдық жұмыс – әкімшілік жазасын қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Аудандық сотта әкімшілік заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша, атап айтқанда  қоғадық жұмыс әкімшілік жазасын тәжірибеде қолдану мәселелерін зерделеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қоғамдық жұмыс – әкімшілік жазасын қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге - жергілікті атқарушы органның өкілі ретінде Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы П.А.Бахыбаев, Қызылқоға ауданының прокуроры Д.Б.Бағытжанов, Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің бастығы Е.Х.Бисенғалиев, Миялы ауылдық округінің бас маманы Б.Әзи қатынасты. Шараны аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ж.Ж.Қонысбаев ашып, бүгінгі шараның мән-маңызын айтып, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №155-VIII заңымен, еліміздің әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жаңадан 49-1 бабы, яғни «қоғамдық жұмыстар» деп аталатын әкімшілік жазаның жаңа түрі енгізіліп, аталған заң нормасы 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданыста екенін айта келіп, қоғамдық жұмыс жазасын орындаудағы мәселелер мен заңдылықтарын егжей-тегжейлі айтып, заң тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган өкілі мен Миялы ауылдық округінің жауапты маманына осы жаңа заң талаптарының орындалуын қадағалап, бақылауды күшейту туралы айтып түсіндірді. Шараға қатысушылар да, күн тәртібіндегі мәселеге сай өз ойларын ортаға салып бүгінгі шараның маңыздылығын, аудандық сотпен дер кезінде ұйымдастырылып отырған шара деп есептейтінін, әкімшілік жазаның жаңа түрі – қоғамдық жұмыс, заңда көзделгендей жергілікті атқарушы органмен орындалатынын, орындау кезінде туындайтын кейбір мәселелер де бар екенін, қоғамдық жұмысты орындаудан жалтару фактілері, белгіленген мерзімде жазаны орындау үшін келмеу жағдайларының орын алуы, осылардың барлығы әкімдік тарапынан бақылау жасауды қажет ететін жұмыстар екенін жан-жақты айтып, талқылады.

Қызылқоға аудандық соты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT