Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН

Жақында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның (бұдан әрі - Инспекция) қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы онлайн форматында брифинг өткізілді.

Деректерге сүйенсек, Атырау облысы Жайық өзені және Каспий теңізі жағалауында орналасқандықтан және осы аталған су қорларындағы су жәндіктерінің, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтарының өсуі, дамуы, қорғалуы бағытындағы жұмыстар – аталмыш инспекцияның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бекіре тұқымдас балықтарының бағалы балықтарға және жойылу қауіпіндегі су жәндіктерінің қатарына жататындықтан осы балық түрлеріне қатысты әрбір оқиға Инспекцияның басты назарында болуға тиіс. Әйтсе де, Атырау облысында бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымымен байланысты қоғамдық жаңғырық туғызатын оқиғалар жыл сайын қайталануда. Тексеру жүргізу барысында, негізсіз тексерулер және тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметті ақылы жүргізу фактілері анықталды. Айталық, Инспекциямен «Атырау облыстық балықшылар мен аңшылар қоғамының» қызметіне тексеру жүргізу барысында «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қоғаммен заңсыз және негізсіз, сонымен қатар ақылы түрде, яғни қасқыр, шиебөрі рұқсат қағазына 3 айға -3000 теңге, 1 жылға – 10000 теңгеге сатып отырған.

Алайда, аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің Стандарттың 11 қосымшасының 3,7 тармақтарына сәйкес осы мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Баспасөз беттерінде де браконъерлікке қытысты қозғалған қылмыстық істер бойынша статистикалық мәліметтерде Инспекцияның қызметіне қатысты бірқатар сыни жарияланымдар мен фактілер анықталуда. Сонымен қатар, Инспекция қызметкерлерімен өздеріне бекітілген міндеттерді теріс пайдаланып, браконъерлерге қамқорлық көрсету, артықшылықтар жасау немесе өздері балық аулау жайттары жиі орын алады. Мәселен, прокуратура органдарымен 2017 жылдың 11 желтоқсанында Инспекция қызметкерлері мінген қызметтік автокөлігінен балық, ау құралдары, шана және басқа да балық аулауға бейімделген құралдар табылған. Инспекцияның мемлекеттік қызмет көрсету сапасына аталмыш Департамент талдау жасап, көптеген кемшіліктерді анықтады. Мысалы, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 19-1 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес егер ұсынылған құжаттар нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе бас тарту керектігі көзделген. Алайда, тиісті заңнамалық актіге сілтеме жасамай, Инспекциямен заңсыз бас тарту фактілеріне жол берілген.

Бұдан басқа, Инспекциямен кейбір қызмет алушыларға заңсыз артықшылық көрсетілгені анықталды. Сондай-ақ, Ереженің 8 тармағының 2 тармақшасында «Стационарлық моторлар 150 ат күшінен аспауы тиіс» деп нақты көрсетілген. Алайда, Инспекциямен заң талаптары сақталмай, «КазТранОйл» Батыс аймағы бойынша филиалына қарасты КС маркалы кемесінің қуаты 170 ат күшінен құраса да, заңсыз келісім берілген. Көрсетілеген жайттар Инспекцияның лауазымды тұлғаларымен жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылық жасау немесе керісінше көрінеу кедергі келтіру арқылы сыбайлас жемқорлық көрінісін тудырады. Сондықтан, аталған Департаментпен өз кезегінде жоғарыда айтқан кемшіліктерді жою, жауапты қызметкерлерді жауапкершілікке тарту үшін ұсынымхат жолданды.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521