Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Атырау облысының прокуратурасы өңірде заңдылықты нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстарды жалғастыруда

Бүгінде Атырау қаласында заңды сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу және қоғамда жауапты мінез-құлықтың маңыздылығын халықтың санасына орнықты қалыптастыруға бағытталған акция кеңінен жүзеге асырылуда.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқу орындарымен жұмыс, сондай-ақ ашық кездесулер, түсіндіру шаралары және ақпараттық кампаниялар арқылы азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға ерекше назар аударылған.

Облыс прокуратурасы бұл жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын және алдағы уақытта да бірізділікпен жалғасатынын атап өтеді. Құқықтық тәртіпті күшейту, қауіпсіз орта қалыптастыру және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы сенімді нығайту – басты басымдықтар болып қала береді.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП 

Атырау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: 🌐 https://t.me/GenPr

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT