Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚ 16 ЖАСӨСПІРІМ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗДЫ

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, олардың жыныстық тиіспеушілігіне қолсұғушылық, қорқытып алушылық, қоғамға қарсы іс-әрекетке тарту, қоғамдық орындарда, жолдарда және бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын оқыту мақсатында жақында «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өтті.

Оған прокуратура, аудандық полиция бөлімінің, ауылдық округтердегі жастар ресурстық орталығының, денсаулық сақтау, білім беру салаларының өкілдері мен мектеп мұғалімдері қатысты. Олар шара кезінде аудандағы 18 мектеп пен Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінде болып, 26 тақырыптық дәрістер мен әңгімелесулер өткізді. Білім беру ұйымдарының ақпараттық-құқықтық стендтерінде жадынамалар орналастырылып, мектептерге кіру және шығу жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүліктің сақталуы және киім ілетін орындарға бейне бақылау камераларымен қамтамасыз етуге, ауылдық округтегі жалпы қоғамдық тәртіптің сақталуына байланысты ұсыныстар жолданды.

Ювеналды полиция тобының профилактикалық және тізімдік бақылау есептерінде тұрған кәмелеттік жасқа толмағандардың, қолайсыз отбасылардағы және мектепшілік есепте тұрғандардың тұрғын үйлері тексерілді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы жалпы жағдайды бағалау бағытында, білім бөлімен бірлесіп оқушылар арасында анонимді сауалнамалар ұйымдастырылды. Шара барысында аудандық полиция бөлімі мен ауылдық округтердегі учаскелік полиция бекеттеріне жеткізілген 20 жасөспірімнің 16-сы әкімшілік құқық бұзғандығы анықталды.

Сонымен қатар, аудан көлемінде заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 15 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарының үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, жазбаша ескерту берілді. Сонымен бірге, профилактикалық бақылау есебіне «кәмелетке толмаған балаларына кері әсер тигізетін, өз міндеттерін орындамаған ата-аналар» санаты бойынша 2 адам, мектепшілік есепке 1 оқушы қойылды.

Бекзат ҚАРЖАУҰЛЫ,

ювеналды полиция тобының

аға учаскелік полиция инспекторы,

полиция майоры

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT