Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін «Арман» мәдениет үйінде ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті.

Мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, тегін заң көмегін көрсету. Нотариус, прокурор, тергеуші, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары қатысып, тегін заң көмегін көрсеткен шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Ерболат Иғали:

– Бұл акцияда әр азамат өзінің көкейтесті сұрағы бойынша келіп, осы жерден тегін консультация ала алады. Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай заң нормаларын дұрыс түсінуге септігін тигізеді деген сенім мол. Кез келген өтініш берушіге заңгер-сарапшылар толыққанды құқықтық көмек көрсетеді, - деді.

Тегін көмекке жүгінушілердің басты сұрақтары жұмысқа орналасып, тұрғын үй құжаттарын реттеу, баспана кезегіне тұру бағытында болды. Оларға мамандар заң аясында түсінік берді.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT