Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін аудан орталығында 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай бірқатар тағылымды іс-шара өтті.

Аудан әкімдігі мен «Бәйтерек аясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шара Қ. Қожахметұлы атындағы саябақта бабалар рухына тағзым ету рәсімімен басталды. Шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали, «Бәйтерек аясы» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Марат Жұмағұлов, саяси қуғын-сүргін құрбандарының жан-жақтан келген ұрпақтары сөз сөйлеп, артынша батыр баба ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойды. Бұл рәсімге аудан басындағы қоғамдық ұйымдар мен бөлім-мекеме басшылары қатысты. 
Бұдан соң Миялы спорт кешенінде  Құныскерей Қожахметұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасында «Түйе балуан» сайысы өтті.  Бұл сында барлық қарсыласынан басым түскен ақтөбелік Ерахмет Елеусінов жеңімпаз атанса, жерлесіміз Нұрәлі Жексенғали екінші орынға,  атыраулық  Азат Файзи үшінші орынға қол жеткізді. Сол сияқты аталмыш шарада Құныскерей Қожахметұлының 130 жылдығына орай оқушылар арасында ұйымдастырылған жыр мүшәйрасының да марапаттау рәсімі өтіп, қазылар алқасының шешімімен қарабаулық Парасат Төлегенұлы бірінші орынды, жамбылдық Ақбілек Бақбергенқызы екінші орынды, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің оқушысы Әділет Мырзагерей үшінші орынды иеленді. Ал садақ ату сайысында Заңғар Қайрат жеңімпаз болса, екінші орынды Райымбек Бақтыбай, үшінші орынды Мұрат Сұлтанов иемденді. Барлық жеңімпаз-жүлдегер диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT