Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Су ресурстары маңызды

Президент өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында талай өзекті мәселелерге тоқталды. Үкіметке нарықтық жағдайларға толық сәйкес келетін тарифтік саясаттың жаңа стандарттарын әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыру тапсырыл­ды. Мұндағы мәселе электр энергиясын, жылу мен суды үнемдеу ғана емес, оларды тұтыну мәдениеті мен үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету. 

Мемлекет басшысы өз сөзінде: «аймақтарда коммуналдық шаруашылықтағы басшылық орындарда кәсіби мамандар емес, заңгерлер мен басқа да гуманитарлық сала өкілдері отыр. Энергетикалық және коммуналдық нысандардың жұмысын жаңа стандарттарға жедел түрде көшіру керек. Үкімет жаңа та­риф саясатын жүзеге асыруды жалғастыруға тиіс. Тарифтер нарық талаптарына сай болмаса электр энергиясымен, жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін емес. ТМД елдерінің бәрінде дерлік электр энергиясының, газдың және мұнай өнімдерінің бағасы Қазақстанға қарағанда қымбат. Бұл жағдай экономика балансының бұзылып, шатқаяқтауына әкеп соғады. Ақиқаты осы, оның несін жасырамыз. Біз қоғамда ресурстарды үнемдеу, пайдалану мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін талай жылдан бері айтып келеміз. Бұдан бөлек ресурстарды тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу қажет. Үлгі етуге болатын жақсы мысалдар бар. Мысалы, дүние жүзінде осындай ұстаным ай сайын суды 8 пайызға жуық үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл аса маңызды. Себебі, Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда су тапшылығы күшейіп тұр. Сондықтан суды үнемдейтін технологияларды пайдалану мәселесі өте өзекті» - деді. Әр азамат өзіне қажет мөлшерден көп су жұмсамау керектігін түсіну керек. Сондықтан су ресурстарының жаһандық тапшылығын ескере отырып, тұтынудың әртүрлі әлеуметтік нормаларын қолдану маңызды»-деді.

Мемлекет басшысы тұтыну мәдениетіне қосымша ресурстарды үнемдеу қолданыстағы технологияға да тікелей байланысты екенін де атап өтті. Ол суды үнемдеудің озық технологияларын қолданатын Қытайды мысалға келтірді. Үкіметке Қазақстанда да осындай технологияларды енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Е.СҰЛТАНОВ,

Бақсай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT