Президент Жолдауында айтылған «Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс» деген сөз – әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол табатын маңызды үндеу.
Шын мәнінде, жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін бәріміздің күш-жігеріміз бірігуі керек. Бұл – елдің дамуына бағытталған ортақ мақсат, ұлттық міндет. Бүгінгі буынның алдында тұрған ең үлкен жауапкершілік – табанды еңбек етіп, Отанның өркендеуіне үлес қосу. Ұлт ретінде бірлік пен ынтымақты сақтай отырып, жас ұрпаққа қолдау көрсету – қоғамның басты борышы. Сонда ғана еліміз бақытты, берекелі болашаққа нық қадам басады.
Кәмшат Есімжан