Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда православ христиандардың Шоқыну мерекесіне арналған суға түсу рәсімі өтті

Атырау облысында православ христиандардың дәстүрлі Шоқыну мерекесіне орай суға түсу рәсімі ұйымдастырылды. Арнайы жабдықталған мұз ойықтарында өткен шара құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауымен өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Күннің салқындығына қарамастан жүздеген тұрғын «Орал» мейрамханасы маңындағы арнаулы орынға жиналып, Жайық өзеніне түсті. Рәсім басталар алдында шіркеу қызметкерлері діни жоралғыларын өткізді.

Успен соборының діни қызметкері Александр Ермаковтың айтуынша, шоқыну – христиан дініндегі ең көне әрі маңызды рухани рәсімдердің бірі.
– Бұл күні суға түсер алдында шіркеуге барып, ғибадат етіп, рухани тазару қажет. Барша атыраулықты мерекемен құттықтаймын. Құдай әрдайым қолдасын, – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 7-1-бабына сәйкес, діни рәсімдер тек арнайы белгіленген орындарда өткізілуі тиіс. Белгіленбеген жерлерде суға түскен жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес 7 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT