Былтырғы жылдың 19 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң қабылданып, 31 желтоқсанда қолданысқа енгізіліп, қылмыстық процестің үш буынды моделі қалыптасты.
Енді полиция қылмысты ашып, кінәлілерді анықтайды және дәлелдемелерді жинақтап, бекітеді. Прокурор қылмыстық қудаулау органымен жинақталған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беріп, азаматтардың құқықтарының бұзылуына тосқаулы қойып, сотта мемлекет атынан айыпты қолдайды. Ал, сот құқық қорғау органы қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты келіп түскен арыз-шағымдарды қарайды және қылмыстық істер бойынша түпкілікті шешім қабылдайды.
Үш буынды модельдің негізгі бағыты азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Осыған орай жаңа заң қылмыстық процесте прокурорлардың функционалдық міндеттері мен жауапкершілігін күшейтіп, негізгі шешімдермен келісіп, бекіту өкілеттілігі жүктелді. Енді күдікті деп тану, әрекетін саралау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бұлтартпау шарасын қолдану, істің тергеп тексеру мерзімін үзу, тоқтату, бұйрықты іс жүргізу, теріс қылық хаттамасы мен айыптау актісін бекітіп, істі сотқа жолдау прокурордың тәуелсіз шешімінің негізінде жүзеге асады.
Биылғы жылы жаңа заң аясында уәкілетті прокурор тергеушінің 31 процессуалдық шешімімен келісті. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылмауына жол берілмей, тергеуші, уәкілетті прокурорлардың жауапкершілігі күшейтілді. Бұл қолданысқа берілген жаңа заңның тиімділігін көрсетеді.
Досбол БАҒЫТЖАНОВ,
Қызылқоға ауданының прокуроры