Бүгін Атырауда Мемлекеттік кірістер департаментінің алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің қатысуымен кездесу өтті.
Жиында салық салу жүйесіндегі өзгерістер және оның бизнеске әсері, ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және дифференциалды тәсілді енгізу тақырыптары қозғалып, кәсіпкерлер Үкіметке ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков өз сөзінде Үкіметтің ҚҚС базалық ставкасын 16 пайыз деңгейінде белгілеу, бірқатар басым салалар үшін 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлеме енгізу және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді салықтан босату туралы ұсынысымен таныстырды.
Сонымен қатар, ҚҚС бойынша тіркеу шегін 15 миллион теңгеге дейін төмендету және қолданыстағы арнаулы салық режимдерін реформалау ұсынылады.
«Үй маңындағы дүкендері» қауымдастығының өкілі Ләззат Досмағамбетова тауарлардың көпшілігі импортталатынын атап өтті. "Біз ҚҚС төлеуші болмағандықтан, біз төлейтін импортқа ҚҚС тауарларға үстеме бағаға қостық. Енді ҚҚС төлеуші атансақ, үстемеақы мөлшері қайтадан өседі, яғни тауардың құны өседі. ҚҚС мөлшерлемесі көтерілсе, тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр боламыз », - деді ол.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері мен 100-ге жуық кәсіпкер қатысты.